14-05-20 | 17:11
Үкімет “Азия авто” кәсіпорнымен келісімді бұзды.
Үкімет “Азия авто” кәсіпорнымен келісімді бұзды

Фото: progorodsamara.ru

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Азия Авто» АҚ және «Азия Авто Қазақстан» АҚ кәсіпорындарымен жасалған моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімге қатысты жағдай жөнінде жалған ақпарат тарату фактілері тіркелгенін хабарлады.

Министрліктің хабарлауынша, министрлік 10 кәсіпорынмен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру жөнінде 19 келісім жасаған. Оған сәйкес кәсіпорындар келісім аясында көлік құралдарын балқытып біріктіру, бояу және құрастыру бойынша технологияларды игеру және оқшауландыруды ұлғайту туралы өздеріне міндеттемелер алған.

Бірақ «Азия Авто» АҚ және «Азия Авто Қазақстан» АҚ кәсіпорындары келісім бойынша өнеркәсіптік құрастыру туралы міндеттемелерін орындамаған. Оның үстіне биыл сәуір айында есепті ұсыну барысында «Азия Авто» АҚ-ның моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік жинау туралы қол қойылған көпжақты келісімге сәйкес 10 жылдай уақыт бұрын өзіне алған міндеттемелерін кезекті рет орындамағаны расталған.

Сөйтіп, министрлік кәсіпорынға жіберілген кемшіліктерді жоюға бір айы уақыт берген. Берілген уақытта кемшіліктің жойылмағаны заңға сай келісімді бұзуға және жеңілдіктер беруді тоқтатуға негіз болған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk