09-07-20 | 22:11
Үкімет жасанды желдету аппараты мен жедел жәрдем көліктерін сатып алмақ.
Үкімет жасанды желдету аппараты мен жедел жәрдем көліктерін сатып алмақ

Елдегі эпидахуалға байланысты бүгін премьер-пинистрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен жедел штаб отырысы өтті.

Онда Атырау облысындағы эпидемиологиялық жағдай ерекше қаралды. Облыс әкімдігіне өңірдегі ахуалды жақсарту, қосымша шектеу шараларын қолдану жұмыстары тапсырылды. Жедел штабта, сондай-ақ, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласындағы жағдай да қаралды. Аптаның соңына дейін жалпы 1600 өкпені жасанды желдету аппараты мен жедел жәрдем қызметінің 800 санитарлық автомашинасын сатып алу көзделуде. Әрі парацетамол, азитромицин, цефтриаксон сынды жұқпалы ауруға қажетті дәрі-дәрмектерді ел аумағына жедел жеткізу жоспарланып отыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.