«Ұн тапшы»: Түркіменстанда малға беретін тарыдан нан пісіріп отыр.
«Ұн тапшы»: Түркіменстанда малға беретін тарыдан нан пісіріп отыр

Түркіменстанда нан бағасы қымбаттады. Елде бидай ұны тапшы. Мұнда бір қап ұн 750 манат, яғни 93 мың теңгеге сатылады, деп жазды «Хроника Туркменистана»

Түркіменстан астанасында  нан тапшылығы байқалады. Дайындалған бөлке мен тандыр нанның салмағы жеңілдей түскен. Мемлекеттік дүкендерде нан 1 манатқа (124 теңге) сатылса, жекеменшік дүкендерде 3-5 (372-619) манатқа сатылып жатыр. Басылым мәліметінше, нан тез сатылғандықтан, көпшілігі үлгермейді екен. 

Тұрғындар әдетте жануарларға берілетін тарыдан нан пісіруге мәжбүр. Түркіменстанда мұны джугара деп атайды. Сонымен қатар жүгеріден де ұн дайындаған. 

Тарыдан жасалған нан бидай нанынан кем емес екен, бірақ келесі күні жеуге жарамайды. Сондықтан халық нанды күнде пісіріп жүр. 

Елдегі жағдайды пандемия салдарынан өскен жұмыссыздық деңгейі де ушықтырып отыр. Көпшілігі нан пісіру арқылы пайда табуға тырысқан. Алайда полицейлер тұтынушылар арқылы заңсыз сауда ошақтарын тауып, саудагерлерді жазаға тартып жатыр. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.