09-04-21 | 20:25
Университеттің 35 оқытушысы жаңа пәтердің кілтін алды.
Университеттің 35 оқытушысы жаңа пәтердің кілтін алды

Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 20 оқытушысы баспаналы болып, салтанатты түрде жаңа тұрғын үйдің кілтін алды, ал 15 отбасы бір ай ішінде жаңа пәтерге кіреді. Жаңа қоныстанушылар қол жеткізген «Зор табыс» тұрғын үй кешені астанамыздағы Мұқан Төлебаев көшесінің бойында орналасқан.

Жоба «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы мен Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан ипотекалық компаниясы арасындағы келісім шеңберінде жүзеге асырылып отыр.
Жаңа қоныстанушыларға кілтті Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов табыс етті.
Ректор жаңа қоныс иелерін құттықтай отырып, бұліс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Еуразия ұлттық университетінің құрылғанына 25 жыл толуына орай өтіп жатқанын атап өтті.
«Мұндай қуанышты сәт өмірде жиі бола бермейді. Баспана бар жерде ,бақыт бар.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет «Нұрлы жер» бағдарламасын жасаса, бүгінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатының арқасында халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бағдарламалар саны артып келеді.


Біз бұл жобаны Білім және ғылым министрлігімен және Қазақстан ипотекалық компаниясымен бірлесіп жүзеге асырдық. Енді осы бағдарлама бойынша тұрғын үй алу кезегін тағы 270 қызметкеріміз күтуде», – деді ректор.
ЕҰУ сәулет-құрылыс факультеті кафедрасының доценті, бес баланың анасы Лаура Өтепбергенова 9 жыл бойы пәтер жалдап, кейінірек жатақханада тұрған.
«Мен өмір жолымды оқытушылықпен байланыстырған адамдардың бірімін. Бұл салада 18 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Бұл мамандық иелеріне мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлінгені қуантады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен екі жыл бұрын «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша кезекке тұрдым. Биыл 25 ақпанда 2 бөлмелі пәтер алдым», – дейді ол.
«2021 жыл мен үшін айтулы жыл болды, өйткені көптен күткен арманым  оындалып, «Нұрлы жер» бағдарламасының арқасында пәтер алдым. Қуанышымда шек жоқ», – дейді ЕҰУ тарих факультетінің аға оқытушысы Салтанат БОТАЙБЕКОВА.
«Ғылыми жолымды Еуразия ұлттық университетінде бастадым. Талантты жастар мен білікті ғалымдар шоғырланған білім орталығында ғылыми қызметкер болып жұмыс жасайтынымды мақтан тұтамын»,-дейді ғылыми басылымдар бөлімінің бас маманы Гүлсім БАЗЫЛХАН.
2019 жылдың жазында «Нұрлыжер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ғылыми-білім беру саласының қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған конкурсқа қатысу мүмкіндігі пайда болды.
Ұзақ ойланбастан, тәуекелге бел буып, құжаттарымды тапсырдым. Нәтижесінде бәрі сәтті болып, күтпеген жерден баспаналы болдым.
Әрине, бұл менің еңбегімнің ғана нәтижесі емес, сонымен қатар университеттің де қолдауының арқасы деп білемін.
Айта кетейік, пәтер алуға өтінім қабылдау 2019 жылдың 5 мамырынан басталып, ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамынан, барлығы 600 өтінім қаралған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.