Ұрланған көліктерді пайдаланғандардың әрекеті заңсыз – прокуратура.
Ұрланған көліктерді пайдаланғандардың әрекеті заңсыз – прокуратура

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Ресей нөмірмен жүрген көліктерге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазды.

«Мәселе ол көліктерді тіркеуде ғана емес. Ішкі министрлігінің мәліметінше кейбір көлік құралдарына Ресей Федерациясында іздеу жарияланған, ал кейбір көліктерді тіркеуден мүлдем шығарып тастаған. Он емес, мыңдап саналады. Демек ондай көліктерге жай нөмірді таға салған. Ресейде де тіркеуде жоқ, криминалдық және ұрланған көліктер ғой», – деді Шындалиев журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, еш жерде тіркелмеген және ұрланған көліктерді пайдалану заңға қайшы.

«Ол көліктерді пайдаланып отырған адамдардың әрекеті заңсыз болып саналады. Бәріміз – Қазақстан азаматымыз. Заңға бағынуымыз қажет, заңды құрметтеуіміз керек. Заңда көлікті тіркеуге қою қажет деп жазылған ба, оны тіркеуге қою керек. Оны халықтың қауіпсіздігі үшін жасайды ғой», – деп атап өтті Шындалиев.

Осы орайда бас прокурордың орынбасары Ресей нөмірімен жүрген көліктерді себепсіз тоқтатпау мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, адам өз еркімен заң талаптарын орындап, еш жерде тіркелмеген көлікті заңдастыруы қажет.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.