06-11-20 | 16:25
«Үш күндік қызыққа бола үш жүздің баласына жетерлік ақшаны шашпайық».
«Үш күндік қызыққа бола үш жүздің баласына жетерлік ақшаны шашпайық»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин үкіметке биыл қардан қалашық салмайық деген үндеу жолдады. Ол бұл мәлімдемесін vk.com желісіндегі жеке парақшасында жариялады. «Құрметті Үкімет басшылары! Биылғы жаңа жылда қазынадан қаржы бөліп, қардан қалашық салмай-ақ қойыңыздаршы. Миллиондаған қаржыны суға ағызып жіберу ақылды адамның әрекетіне жатпайды-ау. Оның орынына бір адамға болсын баспана салып берсек жылдың босқа өтпегені. Үш күндік қызыққа бола үш жүздің баласына жетерлік ақшаны шашып, тойдан кейін екінші күні басы ауырған маскүнемге ұқсап ішерге су таппай отырудың несі қызық?!», – деді Бердалин.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.