01-04-20 | 16:03
Үш қалада дәрігерлер коронавирус жұқтырған.
Үш қалада дәрігерлер коронавирус жұқтырған

Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысында дәрігерлер коронавирус жұқтырған. Бұл туралы Қазақстанның бас санитары Айжан Есмағамбетова (суретте) хабарлады.

“Өкінішке қарай, Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларында медицина қызметкерлері ауырғаны анықталды” деді Есмағамбетова.

Сондықтан бас санитардың жаңа бұйрығында медицина қызметкерлерінің инфекциялық қауіпсіздігі және жеке қорғану талаптары айтылған

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk