10-08-22 |
Ұзынағаштағы атысқа қатысы бар күдіктілерге іздеу жарияланды.
Ұзынағаштағы атысқа қатысы бар күдіктілерге іздеу жарияланды

Алматы облысына қарасты Ұзынағаш ауылында болған атысқа күдікті азаматтардың суретін жарияланып, оларға іздеу жарияланды.

Еске салсақ, Ұзынағаш ауылында тапа-тал түсте атыс болып, салдарынан бір адам қайтыс болған еді. Енді жас жас жігіттің өліміне қатысы бар деген күдіктілерге соттың санкциясымен іздеу жарияланды.


Алматы облысы полиция департаменті:

Козыбаев Гани Муратұлы – 31 жаста, ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 1,7,9-тармақтары (Адам өлтіру) және 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша аса ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша;

Аскар Жаныбекұлы Тыныштыков – 30 жаста, ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және 99-бабы 2-бөлігі 1,7,9-тармақтары (Адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі 2- тармағы (Бұзақылық) бойынша аса ауыр қылмыстар жасады деген күдік бойынша;

Серікбол Мұратбекұлы Шөкенов – 30 жаста, ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі 2- тармағы (Бұзақылық) бойынша қылмыс жасады деген күдік бойынша;

Нурсултан Бахтиярулы Аукенов – 30 жаста, ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша аса ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша іздеу жариялады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk