Құқыққорғаушылар адам құқықтары күнін тергеу абақтысының алдында өткізіп жатыр.
Құқыққорғаушылар адам құқықтары күнін тергеу абақтысының алдында өткізіп жатыр

Бүгін, құқыққорғаушылар Алматыдағы СИ-18 тергеу изоляторына барды. Оның себебі абақтыда отырған 1000-ға жуық тұтқынның жарық пен жылусыз отырғанына бір айдан асқан. Тергеу изоляторының алдына құқыққорғаушылар мен қамауда отырғандардың туыстары мен жақын-жуықтары жиналған.

 -Біз құқыққорғаушылар бүгін, Халықаралық адам құқықтары күні темір тордың қасында, қамаудағылардың туыс-туғандарының жанында суыққа тоңып, таң атқалы бері тұрмыз. Неге? Себебі тергеу изоляторындағы шамамен 1000 адам жарық пен жылусыз отыр, – дейді «Ұлағатты жанұя» қоғамдық қорының президенті, құқыққорғаушы Марианна Гурина.

Құқыққорғаушы аталған тергеу изоляторында не себепті бір айдан бері жарық пен жылу жоқ екендігі былай түсіндірді:

 -Оның себебі абайсыздық. Тергеу изоляторына пеш қойылған. Ол пешке ғимараттағы тоқ күші жетпеген. Сөйтіп, ғимаратта жарық пен жылу өшіп қалған. Мекемеге жылу тартуға міндеттелген «Еңбек» Аймақтық Мемлекеттік Кәсіпорны өз жұмысын атқара алмай отыр, -дейті М. Гурина.

 Құқыққорғаушылар бұған дейін де осы мәселеге байланысты тергеу изоляторының басшылығына шағымданған, алайда олар осы уақытқа дейін құрғақ уәде ғана беріп, жұмысты сағызша созып келетіндігін айтады.

– Қазір газбен жанатын пеш қойып жатыр. Осы жолы да бірнеше күннің ішінде жылу берілетіндігін айтып жатыр. Бірақ олар бір ай бұрын жылу береміз деп уәде берген, -дейді құқыққорғаушы.

arasha.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.