Ішкі Істер министрі Ерлан Тұрғымбаев демалыста бірнеше қалада өткен митинг кезінде 100 адамның ұсталғанын айтты.
«Бас прокуратура заңсыз митингілер бойынша алдын ала ескерту жасаған болатын. Біз де хабарлама таратқанбыз. Осыған байланысты 21 қыркүйекте тиісті жерлерге полиция жасақтары қойылып, профилактикалық шаралар жүргізілді. Сол күні республика бойынша ішкі істер органдарына шамамен 100 адам жеткізілді», – деді Тұрғымбаев журналистерге берген сұқбатында.
15 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 9 адам қамауға алынды, 6 адамға айыппұл салынды. Ал өзгелерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілгеннен кейін бәрі үйлеріне босатылды. Митингілер Республика бойынша 7-8 қалада өткен.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024