Нұр-Сұлтанда алимент төлеуден жалтарған ер адам Toyota Land Cruiser Prado 2020 автокөлігінен айырылды.
Полиция департаментінің қызметкерлері мен сот орындаушылар мүлікті борышкерден куәгерлердің көзінше тәркіледі. Бұл жайында аймақтық жеке сот орындаушылар палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
А. есімді азаматтың өз баласының алдындағы алимент бойынша жалпы қарызы 7 450 000 теңгені құраған. Ол бұрын 40 000 теңге жалақы аламын деген анықтама қағазбен құтылып келген екен. Алайда, қарызы өсіп кеткен борышкердің 28 миллион теңгелік көлік мінуі күдік тудырды. Айыппұл тұрағына қойылған Toyota Land Cruiser Prado 2020 енді аукционға шығарылады.