arasha.kz

Алматыда екі бірдей емханада вакцинация төлқұжаты сатылды

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев екі емханада вакцинация төлқұжаттарын сатқанын растады.

«Өкінішке қарай, бұл фактілер екі емханада расталды. Екеуі де құқық қорғау органдарына жіберілді. Тергеу жүріп жатыр. Ол әлі аяқталған жоқ. Сондықтан әзірге ештеңе айта алмаймыз. Ақпарат алған күні өздеріңізбен бөлісеміз», – деді Нариман Табынбаев.

Оның айтуынша, мұндай жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«»Біз мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін жұмыс істеп жатырмыз. Барлық емханаларда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қатаң бақылауға алынды », – деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Exit mobile version