11-12-23 |
1990 рет қаралған
Алматыда екі полицей 14 жастағы қызды зорлаған.
Алматыда екі полицей 14 жастағы қызды зорлаған

Алматылық полицейлер кәмелет жасына толмаған оқушы қызды зорлаған. Журналистермен кездескен Ішкі істер министрі Ержан Саденов бұл мәліметті растады.

«Өкінішке қарай мұндай оқиға болды. Бұрынғы қызметкерлер осындай қылмысқа барды. Бірден тәртіптік комиссия тексеріс жүргізіп, ол адамдар жұмыстан шығарылды. Қылмыстық іс бойынша олар қамауға алынды», – деді журналистердің сұрағына жауап берген Ержан Саденов.

Миниср сондай-ақ тексеріс жұмыстары әлі жүріп жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, қылмыс жасаған сәтте олар тәртіп қызметінде жұмыс істеп жатқан.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.