arasha.kz

Алматыда сот орындаушысы соққыға жығылғанда полицейлер тұра қашты

Алматыдағы заңсыз нысанды сүру кезінде сот орындаушы соққыға жығылды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Боксшы Жанқош Тұраровқа «сот орындаушысын соққыға жықты» деген айып тағылды.

Сот орындаушы Бостандық аудандық сотының шешіміне сәйкес Виноградная 3/1 мекенжайына заңсыз нысанды сүру мәселесімен барған.

«Шара қолдану 4 қазан түскі сағат 11.00-ге жоспарланған болатын. Сот орындаушы аумаққа полиция қызметкерлерімен кірді. Полиция қызметкерлерінің жанында белгісіз біреулер сот орындаушысына қысым жасай бастады. Олар сот орындаушысына өз міндетін орындауға тыйым салып, қорқытуға тырысып, кейін соққыға жықты», – деп хабарлады республикалық жеке сот орындаушылар палатасынан.

Сот орындаушысы аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғау туралы тиісті арыз жазған. Бұдан соң сот орындаушысын ұрған адам боксшы Жанқош Тұраровты шақырған.

«Нысан иесі М.Н.Ысқақов сот орындаушысын буындырып, ғимаратты бұзуды тоқтатуды талап еткен, кейін қабырғасы мен өкпе тұсынан ұрған. Соққы полиция қызметкерлерінің көзінше болған. Жедел жәрдем дәрігері соққының денсаулыққа орта дәрежеде зиян келтіргенін айтты. Полиция қызметкерлері қашып кетіп, оқиға орнында болмаған.
Оқиға орнына келген боксшы сот орындаушысынан М.Н.Ысқақовқа қатысты полицияға түсірген арызын алуды талап еткен. Сондай-ақ Жанқош Тұраров бұл әрекетті заңсыздық деп санап, осы үшін қорқытқан. Кейін М.Н.Ысқақов пен Ж.Ж.Тұраров А.А.Ермековке қарсы физикалық соққы көрсетіп, қорқыта бастаған. Тікелей қысым көрсетіліп, сот актісінің талаптарын орындаудан бас тартуға мәжбүрлеген», – деп хабарлады палата.

 

Exit mobile version