10-01-24 |
8720 рет қаралған
Арыстанбек Мұхамедиұлы спорт мектебін заңсыз жекешелендіріп алған – Антикор.
Арыстанбек Мұхамедиұлы спорт мектебін заңсыз жекешелендіріп алған – Антикор

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі, Ұлттық музейдің экс-басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы рейдерлік жолмен басып алу және бюджет қаражатын ұрлады деп айыпталуда.  Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, деп жазды ҚазТАГ.

«Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты 221 миллион теңге бюджет қаражатын ұрлау оқиғасы бойынша сот үкімі шықты. Қазіргі уақытта аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау және жоғары спорт шеберлігі мектебін заңсыз жекешелендіру бойынша қосымша оқиғалар орын алуда», – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Тілеукенов сонымен қатар, бұрынғы министр «Дипломат» қонақүйін басып алу және пара алуға әрекеттену ісі бойынша тергеліп жатқанын айтты.

«Осы істер бойынша барлық материалдар қазір сотта қаралуда», – деді «Антикор» өкілі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.