Сот орындаушының мүлікке негізсіз тыйым салуына байланысты жоба 4 айдан астам уақытқа тоқтатылған. Бұл туралы прокуратура баспасөз қызметі хабарлады.
Прокуратура маңызды инвестициялық жобаларды қолдау бойынша жұмысты жалғастыруда.
Осы мақсаттар үшін Фронт-офис жұмыс істейді, осыған байланысты «Astana Green Agro» ЖШС жүгінген.
Бұл кәсіпорын инвестиция көлемі 2 млрд теңгені құрайтын және 100 жұмыс орнын ашатын «Ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем өндіру зауытының құрылысы» жобасын жүзеге асыруда.
Бүгінгі таңда өз қаражатынан 900 млн. теңгеге жуық инвестиция салды.
Сот орындаушының мүлікке негізсіз тыйым салуына байланысты жоба 4 айдан астам уақытқа тоқтатылған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша сот орындаушысының шектеу шаралары жойылды.
Инвестор жобаны жүзеге асыруды жалғастыруда.
Естеріңізге сала кетейік, проблемалық мәселелер туындаса, инвесторлар бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топқа 8-747-216-15-58 телефоны арқылы хабарласа алады.