Браконьерлердің шабуылнан қаза тапқан инспектор Ерлан Нұрғалиевке шабуыл жасаған күдіктілер анықтлғанымен, әлі ұсталмаған дейді Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов. Бұл туралы total.kz жазады.
«Олар Қызылорданың тұрғындары. Көлікті және кімдер екенін анықтадық. Куәгерлер бар. Ол жерде екі машина болған. Іздеу жарияланды» депті Қ.Қасымов
Министрдің айтуынша, күдіктілердің ішінде полиция қызметкері жоқ.
«Олар екі машинамен жүрген. Машинаның біріндегі үш адам қылмысқа барған. Бірнешеуін анықтап, солар арқылы негізгі қылмыскерлердің жеке тұлғасын айқындадық. Кісі өлтіру бабы бойынша іс қозғадық» дейді министр.
Министр сондай-ақ, Ерлан Нұрғалиевті жедел ауруханаға жеткізу үшін неліктен тікұшақ ұшырмағандарын да айтқан.
«Қылмыскерлер қылмыс орнынан кеткенде машинаның кілтін алып, наигаторды бұзып кеткен. Сондықтан да екінші машинаға инспекторларды бірден табу қиынға соққан. Соның кесірінен оны ауруханаға жеткізгенде көп уақыт өткізп алдық. Біз таңертең тікұшақ ұшырмақш болғанбыз. Бірақ күн райына байланысты түске дейін тікұшақ ұшыру мүмкін болмады. Төтенше жағдайдың тікұшағын пайдалана алмадық, ұшуға рұқсат етпеді» деп атап өткен Қ.Қасымов.
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024