Алматыда 47-ші автобустың қатысуымен үш адам қаза тапқан жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа қатысушылардың арасында жарыссөз болды.
Айыптау орнында апатқа себепкер болған автобус жүргізушісін ұрған ер адам отыр. Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсі толық дәлелденгенін айтып, сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
«Дархан Ахметжановты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293 (1-бөлігі) және 351-бабы (3-бөлігі) бойынша кінәлі деп танып, сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасын ең төменгі қауіпсіздіктегі мекемеде өтеуді сұраймын», – деді прокурор.
Ол айыпталушының өз кінәсін мойындамайтынын және өкінбейтінін баса айтты.