Ақпарат және коммуникация министрлігі Қазақстанда әлеуметтік желілерге бақылау орнату жүйесін дайындап жатқаны туралы ақпаратқа түсінік берді.
Жергілікті ақпарат агенттіктерінің министрлік баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, ведомство Қазақстанда «Ұлттық ақпараттық кеңістікті бақылаудың автоматтандырылған жүйесін» жасаумен 2017 жылдан бері айналысып келеді.
«Бұл жүйе БАҚ-тағы Қазақстан аумағында таратуға тыйым салынған материалдар – терроризмді, суицидті, мемлекет тұтастығын бұзуды насихаттау және басқа да жарияланымдарды тіркеу процесін жеңілдетеді» делінген министрлік таратқан хабарламада.
Өткен аптада Digital Revolution тобының хакерлері Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметіне (немесе ФСБ) қарасты «Квант» ғылыми-зерттеу институтының серверіне бұзып кіргенін мәлімдеп, одан ұрланған мәліметтерін жариялаған еді. Хакерлер жария еткен құжаттарда қоғамдағы наразылық көңіл-күйді анықтап, талдау жасау үшін әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу жүйесін дайындау жайы баяндалған. Digital Revolution «Квант» институты мұндай жүйені қосалқы мердігер ретінде Қазақстанда жүзеге асырып жатқанын айтқан. BBC-дің Орыс қызметінің мәліметінше, Қазақстанның Ақпарат және коммуникация министрлігі бұл жүйеге 4,3 миллион доллар бөлген.
Ақпарат және коммуникация министрлігі аталған жүйені дайындауға конкурс Қазақстандағы компаниялар арасында ғана жүргізілгенін айтады. Жүйені құру туралы қазақстандық «Квант» ғылыми-зерттеу зертханасы» компаниясымен келісім жасалған.
Министрлік «әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу жүйесін жасау құжаттарының ресейлік компания серверінде жариялануына» қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Дереккөз: Азаттық радиосы
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024