24-12-18 |
10400 рет қаралған
Қазақтарға араша сұраған арызды Қытай қабылдамай тастады.
Қазақтарға араша сұраған арызды Қытай қабылдамай тастады

Алматыда Қытай консулдығы бірнеше азаматтың Қытайда қамауда отырған туыстарына араша сұраған арызын қабылдаудан бас тартты.

Желтоқсанның 24-і күні «Ел-аманат» қоғамдық ұйымының бірнеше өкілі Қытай консулдығына ұйым атынан 26 адамның қолы қойылған хат апарды. Қытайдан оралып, Қазақстан азаматтығын алған 26 азамат хатта Қытай билігінен қамауда отырған туыстарын босатуды, сол елдегі этникалық қазақтарды қудалауды тоқтатуын сұрайды.

Консулдық қызметкерлері арыз иелері Қазақстан азаматтары екенін айтып, хатты қабылдаудан бас тартты. Олар арыз Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне тапсырылуы тиіс дейді.

Ұйым жетекшісі Рысбек Тоқтасын хатты бұған дейін Сыртқы істер министрлігіне тапсырғанын айтып, енді консулдық арыздарын қабылдамайынша келе беретіндерін жеткізді.

Қытайдағы этникалық қазақтардың жаппай қысым көріп жатқаны туралы мәлімет қазақстандық ақпарат құралдарында 2017 жылдың сәуір айынан жариялана бастады. Кейін Қытайдағы аз ұлттардың қысымға ұшырағаны туралы халықаралық ұйымдар жиі-жиі мәлімдеме жасады. Ал Қытай үкіметі қысымды «экстремизмге қарсы шара» деп мәлімдеген және «қамалғандар тіл үйреніп, кәсіп меңгеріп шығатынын» айтқан.

26 қараша күні Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров «қос азаматтығы бар» деген күдікті 14 адам Қытайдан қайта алмай отырғанын айтқан. Ол жыл басынан бері Қытайдағы қысымға қатысты 915 адам шағымданғанын, 29 қазақстандықтың Қытай билігі тарапынан қос азаматтықты пайдаланды деген күдікке ілініп, қамауға түскенін, оның 15-і Қазақстан билігі араша түскен соң босап шыққанын хабарлаған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.