arasha.kz

Азаптау: Полиция мекемелеріне жаппай камера орнатылып жатыр

Уақытша тергеу изоляторларындағы азаптау мәселесі мәжілісте сөз болды. Депуттарға келген ішкі істер министрлігінің өкілі полиция мекемелеріне жаппай камера орнатылып жатқанын, қазірдің өзінде 18 мыңнан астам мекемеге камера орнатылғанын айтты.

«Полицияның билікті асыра пайдалануы бойынша прокурорлар қатаң тексереді. Зардап шеккендерге өтемақы төлеу тәртібі заңмен көзделген. Сот шешімімен іске асады»,- деді министрлік өкілі.

Ал бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиевтің айтуынша, қазіргі кезде азаматтардан «тергеу кезінде заңсыз әдістің қолданылуына байланысты» 250 шағым түскен.

«Олар бойынша 133 қылмыстық іс қозғалды. Бұл істер прокурорлардың қатаң бақылауында. Әр іс бойынша процессуалдық прокурор тағайындалған» деді ол.

Exit mobile version