arasha.kz

Бишімбаевтың адвокаттары эксперттің Нүкенованы қылқындырған болуы мүмкін деген сөзіне қарсы

Бишімбаевтың адвокаттары сот-мед сараптама эксперті Тахир Халимназаровтың қорытындысына келіспейді. Олар эксперттің Бишімбаев Нүкенованы қылқындырған болуы мүмкін деген сөзіне қарсы.

Айыпталушының адвокаттары эксперт «барлық сұрақты алдын ала білді, оларға жауабы болды, дайындалып келді, сот залына мәнекен әкелді» деді. Мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова Нүкенованың жарақаттарын мәнекенге салып көрсетуге прокуратура ынта білдіргенін айтты.

blob:https://arasha.kz/0b055bea-a9cd-405c-aa7d-a70abcf270ba

Бишімбаевтың адвокаттары сотқа бірінші сараптама қорытындысын шығарған эксперттерді шақырғысы келді, бірақ судья Айжан Құлбаева Халимназаровтың қорытындысы бірінші сараптамаға қайшы келмейтінін айтып, адвокаттардың өтінішін қабылдамады.

Exit mobile version