27-03-24 |
6700 рет қаралған
Бишімбаевтың соты тікелей эфирде өтеді.
Бишімбаевтың соты тікелей эфирде өтеді

Қазақстанның бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты басты сот процесі әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсетіледі деп жоспарлануда.

Жоғарғы сот мұндай шешімді сот процесіне қоғамның қызығушылығы артқанын ескере отырып қабылдаған.

Алқабилер іріктеуден кейін сот отырыстары ашық режимде өтеді, деп хабарлады Жоғарғы Сот.

Естеріңізге сала кетейік, 27 наурызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабиге кандидаттарды іріктеу бойынша жабық сот отырысы өтеді. Жиналыста 12 адамнан (10 негізгі және екі резервтік) қазылар алқасы құрылады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.