Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ісі Астана сотына түсті.
“Іс аса құпия санатқа жатады” деп хабарлады 19 шілдеде Астана сотының баспасөз қызметі. Бұл жөнінде Informburo хабарлады.
2022 жылғы Қанды Қаңтар оқиғасынан кейін ішкі істер министрі қызметінен босатылған Ерлан Тұрғымбаев биыл сәуірде «билік пен лауазымдық өкілетін асыра пайдаланды» деген күдікпен ұсталған. Бұрынғы ішкі істер министрі Қаңтар оқиғасына байланысты істі болып жатыр. Наурызда Тұрғымбаев Қаңтар кезінде күштік құрылым өкілдерінің тәртіпті қадағаламауы және ұсталғандарды азаптауы бойынша қылмыстық іс аясында тергелген.
Бас прокуратура қылмыстық істе мемлекеттік құпиялар болғандықтан, басқа деректер жарияланбайтынын айтты.
Мамырда сот Тұрғымбаевты екі айға қамауға санкция берген.
Ерлан Тұрғымбаев – Қаңтар оқиғасына байланысты күдікке ілінген екінші министр. Бұған дейін қорғаныс министрі болған Мұрат Бектанов «қызметін асыра пайдаланды» деп 12 жылға сотталған.
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024