Біз
әлеуметтік
желіде
19-05-25 |
80 рет қаралған
Бұрынғы вице-министр Қожағапанов 3 жылға сотталды.
Бұрынғы вице-министр Қожағапанов 3 жылға сотталды

Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта Назарбаев пен Путин қатысқан форумға байланысты миллиардтаған қаражаттың ұрлануы ісі бойынша сот процесі аяқталды.

Айыпталушылар орнында — Мәдениет және спорт вице-министрі болған Ерлан Қожағапанов пен Success K компаниясының басшысы Ляззат Көккқзова. Прокурор Қожағапановқа — 7 жыл, ал Көккозоваға — 8 жыл түрме жазасын сұраған.

Сот екеуін де кінәлі деп тапты:

— Қожағапанов — қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды;

— Көккөзова — алаяқтық жасағаны үшін 5 жылға колонияға қамалды.

Сондай-ақ сот Көккөзовадан Туризм және спорт министрлігі пайдасына 1 миллиард теңгеден астам қаражат өндіріп алуды шешті.

Бұған дейін Қожағапанов өзіне қарсы қозғалған істің қолдан ұйымдастырылғанын мәлімдеген еді.

Тергеу мәліметінше, 2018 жылы бұрынғы вице-министр Петропавл қаласында өткен Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумын ұйымдастыруға арналған келісімшартта жеке компанияның мүддесін қорғаған. Антикордың пікірінше, іс-шараны өткізуге бөлінген шығын екі есеге артық мөлшерде негізсіз ұлғайтылған.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.