Журналистер әділет министрі Азамат Есқараевтан Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасына артықшылықтар беретін нормалар туралы сұрады.
«Қазақстан заңнамасы Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасына белгілі бір артықшылықтар беретін нормалардан толығымен тазарды деп айта аламыз ба?» – деп сұрады журналистер Есқараевтан үкімет кулуарында.
Бұл жұмыс жалғасып, заңнамаға тиісті түзетулер енгізілді, бірақ мұның бәрі қаңтарда қабылданған Заңды жүзеге асырудың қисынды жалғасы болатын. Жұмыс әлі де жалғасып жатыр, – деп жауап берді әділет министрі журналистердің сұрағына.
Сондай-ақ, журналистер экс-президенттің қандай кепілдіктері қалғанын нақтылады.
Оның қол сұғылмаушылық кепілдігі бар, көлік қызметтеріне құқығы бар, тиісті баспанасы бар. Ол отбасына қолданылмайды, – деп түйіндеді министр.
Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір мәртебеден айырылатыны хабарланған болатын.
Arasha.kz
ФОТО: Getty Images
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024