Алматы қаласы полиция департаменті басшысы Серік Күдебаевтың ұлы Алматы қаласы Алатау ауданы прокурорының орынбасары болып қызмет істеген Нұрсұлтан Күдебаевтың қазасынан кейін тұтқындалған екі дәрігердің бірі – анестезиолог Асқар Тұңғышбаевты №4 қалалық ауруханадағы әріптестері көздеріне жас алып, қарсы алды. Сондай сәт көрініс тапқан видеоны блоггер Аида Жексен телеграм каналында жариялады.
Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың ұлы Алматы қаласы Алатау ауданы прокурорының орынбасары болып қызмет істеген Нұрсұлтан Күдебаевтың қазасынан соң №4 қалалық ауруханының бас дәрігері Қанат Тезекбаев пен анестезиолог Асқар Тұңғышбаев қамауға алынған. Оларға әріптестері – дәрігерлер араша түсіп, үндеу жариялады. Сондай-ақ Қанат Тезекбаевтың жары Дина Тезекбаева да президент Қ.Тоқаевқа хат жазған. Кеше президент дәрігерлер ісіне араласып, істі бақылауға алуға тапсырған еді. Іле шала Қанат Тезекбаев босатылды. Ал бүгін Асқар Тұңғышбаев та босап шықты. Екеуі де ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024