Біз
әлеуметтік
желіде
25-06-25 |
360 рет қаралған
«Елде орыстарға қатысты ұлтшылдықты байқаймын» деп жазған Тұрсынов дауға қалды.
«Елде орыстарға қатысты ұлтшылдықты байқаймын» деп жазған Тұрсынов дауға қалды

ZTB паблигінің иесі Марғұлан Тұрсыновтың Threadsәлеуметтік желісігдегі жазбасы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Онда ол «Соңғы кезде елде орыстарға қатысты ұлтшылдық байқалады» деп бастап, оларды “басқа ұлттарға қарағанда білімді, жауапты және тұрақты” деп сипаттаған.

«Елде орыстарға қатысты ұлтшылдықты байқаймын» деп жазған Тұрсынов дауға қалды

Бұл пікірге қатысты қоғам белсендісі және заңгер Айбар Олжаев нақты құқықтық және тарихи негіздемеге сүйеніп пікір білдірді. Arasha.kz тілшісі Олжаевпен осы жағдай туралы сөйлесіп, пікірін білді.

«Бұл – жай пікір емес, салыстыру. Ал салыстыру — кемсітуге әкелуі мүмкін»

– Егер адам «мен көлігімді орыстарға жөндетемін» деп айтса, бұл — жеке өмірден алынған мысал. Мұнда ешқандай заң бұзушылық жоқ. Бірақ «олар басқа ұлттарға қарағанда анағұрлым білімді, анағұрлым жауапкершілігі мол» деген тұжырым — бұл салыстыру. Бұл жерде бір ұлт екінші ұлттан жоғары қойылып тұр. Бұл — кемсіту элементі. Мұндай сөздер қоғамда алауыздық тудыруы мүмкін, – дейді Олжаев.

Бұл — 174-бап шеңберінде қаралуы тиіс

Айбар Олжаев осы жағдай бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы негізінде Бас прокуратураға арыз түсіргенін айтты. Алайда бұл Тұрсыновты кінәлі деп тану емес.

Бұл жерде тек құқықтық процесс басталды. Құзырлы орган арызды қабылдайды, қажет болған жағдайда сараптама тағайындалады. Қылмыстық іс қозғау-қозғамау – ІІМ мен прокуратураның шешімі. Мен заң шеңберінде әрекет етіп отырмын, – дейді Олжаев.

Айбар мырза тарихи мысал келтіре отырып, бұл ұстанымның қауіптілігіне назар аударады.

Гитлер де бір кезде “арий нәсілі ең жоғары нәсіл” деді. Сол идеологияның соңы Екінші дүниежүзілік соғысқа, 25 миллион адамның қазасына алып келді. Нацизм, фашизм деген — бір ұлтты өзгелерден биік қоюдан басталады. Мұндай пікірлерге заңмен баға беру — уақыт талабы, – дейді Олжаев.

Мен Марғұлан Тұрсыновпен жеке сөйлескен жоқпын. Себебі бұл жерде адамның ниеті емес, оның сөзі, формулировкасы маңызды. Егер қоғам тарапынан алаңдаушылық болса, оны тиісті органдарға жеткізу — менің азаматтық парызым. Шешімді солар қабылдайды, – деп қорытындылады Олжаев.

Бұл жағдай — сөз еркіндігі мен заң алдындағы жауапкершіліктің түйіскен тұсы. Әлеуметтік желідегі пікірдің қоғамдық және құқықтық салмағы бар екенін қоғам болып естен шығармауымыз керек.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.