arasha.kz

Француз инвесторына 100 млн теңге заңсыз төлеткен

cof

Павлодар облысында француздық инвестор Air Liquide компаниясына 99,8 млн теңге ҚҚС және кедендік баж салығын төлеу туралы хабарлама заңсыз берілген.

Бұл жайында Бас прокуратура хабарлады. Инвесторға импортталатын тауардың жіктелуі қате берілген. Прокуратураның араласуынан кейін ғана хабарламаның күші жойылды.

Айта кету керек, Air Liquide 2018 жылдан бері Павлодар мұнай-химия зауытында «Air Liquide Munai Tech Gases» ЖШС-нің атын жамылып, сутегі өндіру жобаларын жүзеге асырып келеді.

Кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Exit mobile version