21-08-23 |
4000 рет қаралған
Кәрім Көкірекбаевтың ұлы жауапкершілікке тартылды.
Кәрім Көкірекбаевтың ұлы жауапкершілікке тартылды

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС локомотивтің рельстен шығып кеткенін жасырып, заң бұзушылықтарды жою шараларын қолданбаған, бұл үшін серіктестік басшысының міндетін атқарушы Марлен Көкірекбаев жауапкершілікке тартылды.

Бұл туралы Батыс Қазақстан көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Батыс Қазақстан көлік прокуратурасы 2020-2023 жылдар аралығында магистральдық теміржол желісінде орын алған қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың төрт фактісін (соның ішінде локомотивтің рельстен шығуы) есепке алмағанын анықтады. Заң бұзушылық сол күйі тексерілмей қалған. Аталған факті бойынша прокуратураға «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-не заң бұзушылықтарды, олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту шараларын қолдану туралы ұсыныс енгізілді. Мұндай жағдайды түзетіп, алдағы уақытта алдын алудың орнына «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Көкрекбаев М.Қ. (Марлен Кәрімұлы – Arasha.kz) «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 36-бабының талаптарына сәйкес келмейтін хатпен жазалаудан бас тарту туралы шешім қабылдады, – делінген хабарламада.

Атап айтқанда, Марлен Көкрекбаев «прокурордың ұсынысы бойынша: локомотивтің рельстен шығып кетуін «оқиға» санатына жатқызбай, жылжымалы құрамның арнайы сигналын берудің үш оқиғасы (темір жолға құлау, көліктің бөліктерін сүйрету сондай-ақ қозғалыс қауіпсіздігін бұзу) жағдайларын есепке алмай және «оқиға» санатына жатқызылмаған, сондықтан шара қолданбаған.

Жоғарыда аталғандар көлік прокурорының ӘҚБтК-нің 664-бабы (Прокурордың ұсынуы бойынша шара қолданбау) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз болды. Нәтижесінде сот М.К. Көкрекбаевты жоғарыда көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған әкімшілік айыппұл салынды. Сот шешімі заңды күшіне енді, – деп нақтылады қадағалау органы.

Марлен Көкірекбаев – «Казселезащита» мемлекеттік мекемесінің басшысы болған Кәрім Көкірекбаевтың ұлы, ол сыбайлас жемқорлық ісі бойынша ұсталған. Әр уақытта Жамбыл облысының әкімі және Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі қызметтерін атқарған Көкірекбаев 2000 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президентін қатарлы басшылық қызметтерді атқарған.

Arasha.kz

ФОТО: kaztag.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.