arasha.kz

Карантинге жатпағаны үшін Көкшетау тұрғынына қылмыстық іс қозғалды

Карантинге жатудан бас тартқаны үшін Көкшетау қаласының тұрғыны үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы polisia.kz хабарлады.

Көкшетау тұрғыны 19 наурызда Минск – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшып келіп, карантин режиміне сәйкес, карантинге жатудан бас тартып, Көкшетауға үйіне кеткен.

Оның үйіне жедел жәрдем мен санитарлық эпидемиология қызметкерлері тексеруге барғанда ол есікті ашпай қойған. Сөйтіп, арнайы қызмет пен полиция келіп, үйдің есігін бұзып, карантин режимін сақтамаған адамды карантинге жауып, анализдер алған.

Полиция оның үстінен ҚК 304 бабының 1-тармағы бойынша (санитарлық немесе гигениялық нормаларды бұзу) сотқа дейінгі тергеу ісін қозғаған.

Exit mobile version