Біз
әлеуметтік
желіде
15-05-25 |
160 рет қаралған
Келтірілген залал көлемі 8,5 млрд теңге. Бұрынғы мәслихат депутаттарына қатысты сот үкімі шықты.
Келтірілген залал көлемі 8,5 млрд теңге. Бұрынғы мәслихат депутаттарына қатысты сот үкімі шықты

Астанада экс-мəслихат депутаты А.Беленцева мен Д.Мергенбаевқа қатысты аса ірі мөлшерде ұрлық фактісі бойынша үкім шығарылды. Тергеуді ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті жүргізгендерін мәлімдеді.

Күдіктілер 2020 жылы ТОО «Олимп Транс Сервис» атынан 23,2 млрд теңгеге Ерейментау ауданында жел электр станциясын салуға шарт жасасқан.

«Жалған шарттарды рәсімдеу арқылы олар ақшаны серіктес компаниялардың шоттарына аударып, кейіннен қолма-қол ақшаға айналдырған.  Нəтижесінде келтірілген залал көлемі 8,5 млрд теңгеден асты.  Соттың санкциясымен 13 млрд теңге тұратын мүлікке (зауыт, демалыс базасы, арнайы техника мен көлік құралдары) тыйым салынды», — делінген хабарламада.

Сот үкімімен Беленцева кінəлі деп танылып, оған 8 жыл 6 ай, Мергенбаевқа 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бұдан бөлек, сот 8,5 млрд теңге көлеміндегі азаматтық талапты қанағаттандырды.

Азаматтық талапты орындау мәселесі қаралғанға дейін мүлікке салынған тыйым сақталады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.