07-08-24 |
5460 рет қаралған
ЛГБТ-ға қарсы топ арнайы заң қабылдатуға күш салмақ.
ЛГБТ-ға қарсы топ арнайы заң қабылдатуға күш салмақ

Мәдениет және ақпарат министрлігі ЛГБТ-ға тыйым салу туралы петицияға ресми жауап беріп, бұған дейін айтылғандай, петициядағы талаптарды ішінара қолдайтынын мәлімдеген. Ресми жауап алғанын «Қазақстанның ата-аналар одағы» бірлестігінің төрайымы, петиция авторы Бағила Балтабаева желідегі парақшасында жазды.

Бағила Балтабаева ЛГБТ-ға қарсы заң қабылдау кезеңіне де жететіндерін де мәлімдеген.

Петиция бойынша Мәдениет және Ақпарат Министрлігінен ресми хат келді.
Алдыңғы постта жазғандай, 18- жасқа дейін балаларға, азғындықты насихаттайтын кез келген контенттер бұғаттталатын болады!
Кітапхана, кинотеатр, әлеуметтік желілер, қай қайссына болсын, тыйым салынатын болады!
Алла қаласа, қыркүйек айында Мәжіліс депутаттары жұмыс орындарына келіп, жиналғаннан соң, жұмыс тобы құрылып, қоғам арасынан да міндетті түрде Ұлт жанашырлары қосылып, Петицияның ең мыңызды жеріне жетеміз! Заң шығару кезеңі, – дейді Балтабаева.

Бұған дейін петиция бойынша қоғамдық тыңдау өтіп, онда көпшілік екіге жарылған еді. Кейін мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева осы мәселеге түсініктеме берген еді.

Сондай-ақ, БҰҰ адам құқықтары жөніндегі кеңесі Қазақстанды ЛГБТ-ға қарсы петицияны қабылдамауға шақырған.

Қазақстан конституциясы бойынша, адамды нәсіліне, тегіне, жынысына қарай бөлуге болмайтыны жазылған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.