29-05-24 |
7250 рет қаралған
Маңғыстауда колледж директоры ірі көлемде қаражат жымқырған.
Маңғыстауда колледж директоры ірі көлемде қаражат жымқырған

Прокуратура жүргізген талдау барысында гуманитариялық колледжінің директорымен қызметкерлерге тиесілі еңбек сыйақы төлемдерін жымқыру фактісі белгілі болды.

Атап айтқанда, колледж директоры 2022 жылғы желтоқсан және 2023 жылдың тамыз айлары аралығында колледждің 29 қызметкеріне сыйақы беру туралы негізсіз бұйырықтар шығарып,

29,5 млн теңгені заңсыз иемденген.

«Бейнеу аудандық сотының 16.05.2024 ж. үкімімен колледж директоры ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – делінген хабарламада.

Мемлекетке келтірілген шығын 29 550 929 теңге өндірілді.

Маңғыстау облысының прокуратурасы

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.