arasha.kz

Нүкенованың ағасы: Бізде жаңа, әділ Қазақстан бола ма, жоқ па?

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкенов Астанадағы соттың басталуына қатысты пікір білдірді.

«Бұл олардың құқығы, мен түсінемін. Біз бұған (алқабилердің сотқа қатысуына) заңды түрде әсер ете алмаймыз. Әрине, ақтау үкімдерінің үлкен пайызы алқабилер сотында орын алады. Бұдан қорқамыз, бірақ соған қарамастан біз соттың әділ өтуіне толық күш саламыз», – деді Қайрат Нүкенов сот ғимаратында журналистердің сауалдарына жауап бере отырып.

Айта кетейік, журналистерді залға кіргізбей, бейнетрансляциямен бөлек бөлмеге жіберген.

«Бұл біздің ғана емес, барша қазақстандықтардың құқықтарын бұзу болып табылады. Бізде жаңа, әділ Қазақстан бола ма, жоқ па, соны әрбір қазақстандық түсінуі керек», – деді Нүкеновтер тарапы.

Бұған дейін Қуандық Бишімбаев кінәсін мойындамайтынын айтып, істі алқабилер соты қарауын талап еткен болатын.

Exit mobile version