20-02-24 |
3500 рет қаралған
Мас күйінде көлік жүргізген ауыл әкімі қамауға алынды.
Мас күйінде көлік жүргізген ауыл әкімі қамауға алынды

Ақмола облысында мас күйінде көлік жүргізген ауыл әкім сот үкімімен 15 тәулікке қамалды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстық соттың мәліметінше, Зеренді аудандық сотында Викторовка ауылдық округі әкіміне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 1-бөлігі). Ер адамға алкогольдік ішімдік ішіп рульге отырғаны үшін айып тағылды.

«Сотта ер адам кінәсін мойындады. Сонымен қатар, оның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, жеңіл дәрежелі алкогольдік мас болуды анықтаған медициналық куәландыру қорытындысымен, өзін түсіндіруі және мойындауымен расталды. Сот қаулысымен оған 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру және 15 тәулікке қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды», – делінген хабарламада.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.