05-02-24 |
6140 рет қаралған
Өткен жылы 2 мыңнан астам әскери қызметші жауапқа тартылды.
Өткен жылы 2 мыңнан астам әскери қызметші жауапқа тартылды

Өткен жылы 2 мыңнан астам әскери қызметші жауапқа тартылды. Бұл туралы Берік Асыловтың төрағалығымен өткен Бас прокуратура алқасының отырысында белгілі болды.

Бас Прокурор әскери қызметшілер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерінің өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.

«Бас әскери прокуратура 2023 жылы әскери қауіпсіздік саласындағы заңдылықтың жай-күйіне 363 тексеру және 153 талдау жүргізді. Олардың нәтижелері бойынша әртүрлі жауапкершілікке екі мыңнан астам тұлға тартылды. Қадағалау актілері бойынша «Әскери құрылыс Астана» ЖШС-нің 4 мыңға жуық қызметкерінің 270 млн теңгеден астам сомаға жалақысы берешегі өтелді», – делінген хабарламада.

Әскердегі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2022-2024 жылдарға арналған әскердегі құқық бұзушылықтардың алдын алудың үш жылдық бағдарламасы іске асырылып жатыр.

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 2023 жылы қылмыстық құқық бұзушылықтардың 4,2% – ға, оның ішінде аса ауыр құқық бұзушылықтардың 30% – ға, ауырлығы орташа – 3,1% – ға, теріс қылықтардың 24% – ға төмендеуіне қол жеткізілді.

Отырыс барысында оқ-дәрілерді сақтау мәселелері, сондай-ақ басқа да өзекті тақырыптар жеке талқыланды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.