arasha.kz

Өз үйін салуға әскерлерді пайдаланған бұрынғы вице-министр сотталды

Төтенше жағдайлар жөніндегі бұрынғы бірінші Вице-министр сотталды

Ақмола гарнизонының әскери соты Төтенше жағдайлар жөніндегі бұрынғы бірінші Вице-министр И. Күлшімбаевқа қатысты үкімді жариялады.

Ол өзінің жеке үйін салу үшін әскери қызметшілер мен арнайы техниканы тарту туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық бағынысты мекемелерінің басшылығына заңсыз нұсқаулар беру арқылы билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сонымен қатар, сот Мемлекет басшысының атына Күлшімбаевты генерал-майор әскери атағынан айыру туралы ұсыныс енгізуге қаулы етті.

Exit mobile version