Әлеуметтік желіде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовпен оның көмекшісін ұлттық қауіпсіздік комитеті жиналыс үстінде ұстағаны туралы хабар тарады.
Сондай-ақ облыс әкімінің үйінде тінту жүргізіліп жатқан көрінеді.
Іле шала vlast.kz құқық қорғау органындағы дереккөзіне сілтеме жасап, Бақауовтың ұсталғанын президент әкімшілігі растағанын және Бақауовпен оның көмекшісі пара алды деген күдікке ілінген, сондай-ақ қазіргі уақытта облыс әкімдігін күш құрылымдары қоршап тұр деп ақпарат таратты.
Төменде блоггер Аида Жексеннің телеграм каналында жариялаған жазбасы.