27-05-24 |
8640 рет қаралған
Полицейлерге қарсылық көрсеткен Қонаев тұрғыны 7 тәулікке қамалды.
Полицейлерге қарсылық көрсеткен Қонаев тұрғыны 7 тәулікке қамалды

23 мамырда патрульдік полицейлер Қонаев қаласында орналасқан ойын-сауық мекемелерінің бірінде мас күйде жүрген ер адам туралы хабарлама бойынша оқиға орнына барған.

Келген кезде, азамат айналасындағыларға агрессивті болып қана қоймай, полиция қызметкерлерін балағаттаған.

Жағдайды бағалай отырып, полицейлер мас бұзақыны ұстады.

Ер адам полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны және бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Сот шешімімен құқық бұзушы 7 тәулікке қамауға алынды.

– Тәртіп сақшылары тарапынан көрсетілген кәсібилік пен ұстамдылық ауыр зардаптардың алдын алды. Біз әрқашан жанжалды жағдайларды барлық қатысушылар үшін ең аз тәуекелдермен шешуге тырысамыз, – дейді Қонаев қалалық полиция басқармасының бастығы Ұлан Садықов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.