Адамның бет-әлпетін танитын камералар тамыз айынан бастап Алматы және Атырау қалаларында іске қосылған. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов хабарлады.
Біз ағымдағы жылдың тамыз айында Алматы мен Атырау қалаларында қашқын қылмыскерлерді, борышкерлерді және із-түссіз жоғалғандарды бірден танитын ЖИ элементтерімен IT-қосымшасын бейнебақылау камераларына қостық. Екі күн ішінде тергеуден жасырынған 2 адам және жоғалған 2 адам табылды, – деді Асылов.
Берік Асыловтың айтуынша, ЖИ камераларының көмегімен жас пен сырт келбеттің өзгеруіне қарамастан адамдарды тауып, іздеу шараларын күшейтуге болады.
Прокурорларға жүйені барлық өңірлерге енгізу тапсырылды. Қазір 9 мыңнан астам адам іздестірілуде, оның 2,2 мыңы қылмыскер және 2 мыңы хабарсыз жоғалғандар, – деді бас прокурор.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024