15-04-21 |
1710 рет қаралған
Қырғызстанда қазақ диаспорасының экс-басшысын ҰҚК тергеуге алды.
Қырғызстанда қазақ диаспорасының экс-басшысын ҰҚК тергеуге алды

Қырғыз Республикасы Ұлттық мемлекеттік қауіпсіздік комитеті сатқындық жасағаны үшін екі азаматтың ұсталғандығы туралы ақпарат таратты. Күдікке ілінгендерге қатысты бұлтартпас дәлелдер бар.

БАҚ беттерінде тараған мәліметке сүйенсек, саясаттанушы Марат Қазақпаев пен Қырғыз Республикасындағы қазақ диаспорасының бұрынғы басшысы Марат Тоқтаучиковтың ұсталғаны белгілі болды.

Екі күдікті де бір айға қамауға алынды. Қазір олар ҰҚК тергеу изоляторында отыр. Бішкектің Первомай аудандық соты қамауға алынғандарға қатысты бұлтартпау шарасын тағайындаған.

Оқиғаға қатысты басқа ақпарат жоқ. Қылмыстық іс құпия тергеуде. Қылмыстың мерзімі және ұсталғандардың қай елдің мүддесі үшін жұмыс істегені туралы айтылмайды.

Қырғыз елінде мемлекетке опасыздық жасағандарға 10 жылға бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.