Қызылордада оқушылар 16 жасар қызды қорқытып, зорлап, күшпен есірткі берген.
«Күдіктілер ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жалғасуда»,-деп хабарлады Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін «НеМолчи» қоры қыздың ата-анасынан келіп түскен ақпаратты жариялаған еді. Олардың айтуынша, қыз бала үйден жиі жоғалып, бәрін жасырып келген. Олардың жасөспірімді қорқытқан деп есептейді. «Қызды азаптады, мефедронды күштеп қабылдауға мәжбүр етті, тұншықтырды, балқытылған пакеттермен күйдірді, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр етті және ақшаны тартып алып отырған», – делінген қор жариялаған ақпаратта.
Ата-аналар мектеп бұл туралы білген деп санайды, сондықтан оларға ата-ана құқығынан айырамыз деп қорқытқан.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024