01-02-21 |
1410 рет қаралған
Сапарбаев экс-министрді Мәдениет үйіне кіргізбеді.
Сапарбаев экс-министрді Мәдениет үйіне кіргізбеді

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы қазақ пен дүнген дүрбелеңіне бір жылға жуықтады. Ақпанның 7 күні болған жан-жалда екі жақтың 11 азаматы қайтыс болған еді. Арада 10 ай өтседе әлі күнге дейін дүнген дүрбелеңінің дүрмегі басылған жоқ. Істі болып қамауда жатқан 51 азаматтың тағдыры қалай шешіледі?

Кеше Балташ Тұрсынбаев, Рысбек Сәрсенбай, Жұмаш Кенебай, Еркін Рақышев бастаған бір топ белсенді азаматтар Қордай ауданына арнайы келді. Елге сыйлы азаматтарға Әулиеатаның шенділері Мәдениет үйін қимай, сыртта жиналыс өткіздірді. Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Бейқұт Жаманкөзов белсенді азаматтар мен халықтың ту сыртында «Не істер екен?» деп қарап тұрғаны қызық болды. Иделогияға жауапты орынбасардың деңгейі жоғары болса, ел азаматтарын лайықты қарсы алып, жиынды өзі жүргізіп отыруы керек еді. Әйтсе де Бейқұт Жаманкөзовтің зиялы қауым өкілдерімен тең дәрежеде сөйлесетін өресі болмай шықты.
Жергілікті биліктің әрекетіне ренжіген Рысбек Сәрсенбай «Балташ Тұрсынбаев сынды азаматқа Мәдениет үйін қимаған Бердібек Сапарбаевқа сәлемдемемді айтып бар» деді. Жергілікті биліктің бұл сәлемдемені әкімге жеткізетіні немесе жеткізбейтіні белгісіз. Бірақ бізге бір белгілісі облыс басшысының бір топ азаматтың ауданға келетінін білмей қалуы мүмкін емес. Демек Бердібек Сапарбаев бұрын ҚР Үкімет басшысының орынбасары және ауыл шаруашылық министрі сынды жоғары лауазымды қызмет атқарған азаматты Мәдениет үйіне кіргізбей қойғаны қалай болды? Қазақ «Атаңа не істесең алдыңа сол келеді» дейді. Бердібек Машбекұлы қызметтен кеткеннен кейін ауданның Мәдениет үйіне кіргізбей қойса қалай болар екен?

Рысбек Сәрсенбайдың айтуынша, егер елде заң үстемдігі болса, диаспораның арасында қақтығыс болмайды. Сондықтан да ол дүнген дүрбелеңінің болуына Нұрсұлтан Назарбаевты айыптады.
«Ең бастысы қамауда отырған балалардың тағдыры қалай шешіледі? Әділетті шешім шыға ма, жоқ әлде жазықты-жазықсыз сотталып кете бере ме? Олардың әр қайсысы бір-бір үйдің асыраушысы. Демек тын болады. Өйткені әділеттілік болған қоғамда ғана ұлт пен ұлыстың өкбір адам емес, азаматтың ата-анасы мен бала-шағасы зардап шегеді. Егер сот әділетті шешім шығармаса, мұндай жағдай екінші рет қайталаілі тату-тәтті тұрады. Егер Коститутцияда жазылғандай бәріне бірдей әділ заң болса, онда адамдар қантөгіске бармайды. Өкінішке қарай бізде олай болған жоқ. Назарбаевтың құрған жүйесі ең құрыған жүйе болып шықты. Біз 30 жылдан бері «Тәуелсіздігімізді алдық» деп телпегімізді атып қуанып жүріппіз. Бекер қуанып жүріппіз. Елді осы күйге жеткізді. Себебі мемлекетте дені дұрыс заң жоқ. Заң неге дұрыс жазылмайды? Заңды жазатын депутаттардың бәрі Назарбаевтың тізімі бойынша барады. Соңғы Парламент сайлауы да әділетсіз өтті. ҚХА атынан сайланған дүнген азаматы екі ауыз антты әзер айтты. Сол депуттар заң жазып оңдыра ма?», – деді ол.

Ауданның белсенді азаматы Санат Әлиев бұдан былай жауласпай, істі дұрыс шешу керек екенін ескертті. Өйткені ол қамауда отырған балалардың ата-анасы мен әйел бала-шағасының зар еңіреп отырғанына бір жыл болғанын айтады.

«Өткен нәрсені айтып бір бірімізбен соғысып жатудың қажеті жоқ. Бізге балаларымыздың шартты жаза ала ма, жоқ әлде түрмеге қамай ма, әйтеуір әділ шешім шығарса екен. Басқа әңгіменің керегі жоқ. Сіздердің келгендеріңізге көптен көп рахмет. Қазір қазақтың 51 баласы 10 айдан бері қиналып жатыр. Мен білсем дүнгендер ақшасын беріп сатып алды. Олар қашан босайтынын да біледі. Егер ұрлық жасап, қандайда бір кінәсі болса, нақты дәлелмен жазасы берілсін. Ал енді «Қордай оқиғасында болып, арнайы сөз сөйледі екен» деп адамды жазалау керек емес. Осы мәселені Президенттен бастап, депутаттарға дейін жеткізе барыңыздар екен», – деді ол.

Ауыл тұрғындары жергілікті биліктен қаймығып өз ойын ашық айта алмайтынын айтады. Алайда белсенділердің «Айтыңыз» деп қыштауымен біраз азамат өз ойын ортаға салды.

«Мен СИЗО-да қайтыс болған Бекбол Қибаевтың әке орынындағы ағасымын. Әлі соты да болған жоқ, жалпы ол жағы бізге түсініксіз. Оны түрмеде әбден қинап ұрып соқты. Бұл енді бәріне белгілі нәрсе ғой. Тергеушілер «Мына үш адамды тауып бер» деген. Ештеңеден хабарсыз адам оларды қайдан табады? Кейіннен Күнбатыстың баласы және тағы бір жердің баласы шықты. Рөлде отырған балалар інім өлгеннен кейін табылды. Марқұмның қырқын өткізген 3 күннен кейін «Сенің інің Бекболдың жанында отырған баланы ұстап кетті» деді. Оны телефонымнан көрейінші деп «Мынау ма?» деп ем, «Иә, осы баланы алып кетті» деді. Ол бала тектен тек өлді де қалды. «Сен білесің, тап, кім жаныңда болды» деп қинады. Ал шын мәнісінде ол білмеген болатын. Білсе «Мынау» деп айтатын еді ғой. Үкімет қазаққа да көңіл бөлуі керек. Жоқ, бәрін қинап жатыр», – дейді ауыл тұрғыны.
Сондай-ақ ол ауылда зорлық-зомбылық болса қазақ зардап шегетінін айтты. Нақтырақ айтсақ ауданда 12 жасар дүнген қызы зорланған.

«Әділеттілік керек деп айтамыз. Мәселен жуырда 12 жасар дүнген оқушысы босанған. Оны зорлаған дүнген. Дүнгенді дүнген зорлап, пайдаланады да, азабын қазақ шегеді. Мектеп директорынан бастап, тәрбие ісінің орынбасары, мұғалім, психолог, дәрігерді жұмыстан шығарып тастады. Ал енді дүнгеннің үйіне кіріп көрші. Қақпасын тарс жауып алған дүнгеннің үйіне кіре алмайсың. Баласын тұрмақ әке-шешесін де көре алмайды. Ал енді «Осыған жауаптысың» деп отбасын асырап отырған бірнеше адамды жұмыстан шығарып тастады», – дейді ол.

Жиынға балалары қамауда отырған Азамат Төреев пен Жәнібек Бақытжанның ата-аналары қатысты. Олардың бәрі сот әділ шешім шығарып, балаларының аман есен үйлеріне оралғанын қалайды.

«Азамат Төреев дейтін 36 жастағы балам 27 наурыздан бері қамауда жатыр. Он айдан бері іште балаларымыз, сыртта біз қиналып жілігіміз шағылды. Ауыл мен аудан және облыс әкімі жаны ашып, бізге көмектерін көрсетіп жатыр. Бірақ балаларымыз «Біздің еш кінәміз жоқ. Неге жатырмыз мұнда?» деп налиды. Күні кеше балама кіргенде «Істі мамыр айына дейін ұзартып қойды» деп айтты. Жүректері қан жылап тұр. Көздерінен жас шығарайын десе жігіттік намысын қорғап тұрды. «Бәрі жақсы, саусағының ұшын тигізбейді» дегеннен басқа ештеңе айтпайды. Он айдан бері ата-аналары мен бала-шағалары қиналып әбден жілігіміз шағылып кетті. Он ай аздай енді тағы 4 ай күтуге тура келетін болып отыр», – дейді Бейсехан Төреева.

Сондай-ақ қамауда отырған Жәнібек Бақытжанның әкесі баласының Масаншыдағы 10 мектепте мұғалім екенін айтады. 27 жастағы Қаракемер ауылының тұрғынының әйелі мен бала-шағасы үйінде зарыға күтіп отыр.

Айып тағылған азаматтардың ата-аналары мен туған-туыстары қамауда отырғандардың ешқандай кінәсі жоқ екенін айтады. Алайда бұған келісуге де, келіспеуге де болады. Өйткені дүнген дүрбелеңінде оннан астам адам қайтыс болды.

Сондықтан да қанды оқиғаның айыптылары бары анық. Бірақ бұл жерде ең басты айып Үкіметтің 30 жылдан бері жүргізіп келген теріс саясаты болса керек. Егер елде заң үстемдігі нық орнаса азаматтар ашуға берілмей, заңға жүгінер еді. Демек бір жыл бұрынғы қанды қырғын да болмас еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.