
Семей қалалық полиция қызметкерлері есірткі қабылдап, рульге отырған қоғамдық көлік жүргізушісін анықтады.
Оқиға 20 қаңтар күні тіркелген. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен хаттама дайындалды.
«Өңірде 20-22 қаңтар аралығында «Автобус» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде. Жолаушыларды және жүктерді тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін – 7 жүргізуші, көлік тізгіндеп отырып телефон пайдаланған – 47, жылдамдықты асырғаны үшін – 14 және маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 46 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,-деп хабарлайды ШҚО ПД-нің баспасөз қызметі.
Аймақта полиция қызметкерлерімен жүргізілген екі күндік шара кезінде 300-ге жуық заңбұзушылық тіркелді.
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025