Семейде ұсталған адамға қатысты азаптау қолданылды деген күдікпен полиция қызметкері қамауға алынды. Бұл туралы прокуратура хабарлады.
2023 жылдың қаңтарынан бастап азаптау туралы қылмыстық істерді тергеп-тексеру прокуратура органдарының айрықша мән беруде.
«Бейнебақылаудың жай-күйіне, оның жұмысқа жарамдылығы мен бейне жазбалардың сақталуына, сондай-ақ ғимараттардағы «соқыр аймақтарды» жоюға ерекше назар аударылады. Қылмыс жасағанын мойындату мақсатында азаптау, яғни ҚК-тің 146-бабының 3-бөлігі 1-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Семей қаласы Орталық полиция бөлім қызметкерінің ұсталды», – делінген хабарламада.
26.01.2024 жылы Абай облысының прокуратурасы ҚПК-тің 128-бабына сәйкес күдіктіні Семей қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамады.
Облыстың мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024