arasha.kz

Шешініп тастап төбелескен шымкенттік шенеуніктерге қатысты тексеріс басталды

Шымкенттік шенеуніктердің төбелесі бейнеленген видео желіде тарап кетті. Ақпаратта төбелеске қатысушылардың бірі Шымкенттің бас экологы Оразғали Егембердиев болуы мүмкін екені айтылған.

Желідегі ақпаратты журналист Михаил Козачков жариялады. Айтуынша, сыртқы бақылау камерасына түсіп қалған оқиға түнде жер үйдің ауласында болған.

Экология министрлігі оқиға фактісі бойынша қызметтік тексеруді бастады.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі оқиға қатысты ақпаратты алғандарын хабарлады.

«Бізге Департаментке осы мәселе бойынша ақпарат келіп түсті. Қазір ақпарат жинаймыз. Әзірге ақпарат бере алмаймыз», – деді Шымкент мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің бас маманы Қазыбек Ерболат.

Exit mobile version