13-02-24 |
4640 рет қаралған
Степногорскте 400 млн теңге тұратын ғимарат заңсыз сатылмақ болған.
Степногорскте 400 млн теңге тұратын ғимарат заңсыз сатылмақ болған

Ақмола облысының прокурорлары құны 400 миллион теңге тұратын ғимаратты сатып алу бойынша заңсыз конкурстың жолын кескендерін мәлімдеді.

«Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны дұрыс анықтамаған, сондай-ақ қызмет көрсетушілерге конкурсқа қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру қағидатын бұза отырып, техникалық спецификацияда көрсетілген ғимараттың техникалық сипаттамалары белгілі бір өнім берушіге тиесілілігін көрсеткен»,- делінген хабарламада.

Прокуратураның ұсынуы бойынша ММ «Степногорск қаласының мемлекеттік активтер және сатып алулар бөлімі» мәдени-спорттық кешеннің тұрғын емес  ғимаратын сатып алу үшін 10.01.2024ж. жарияланған конкурс жойылды.

Осылайша, прокуратура шараларымен 400 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.