2025 жылғы 23 қаңтарда Айыртау аудандық соты аз. «Л»-ны адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмысы үшін 4 жылға бас бостандығынан айырды.
Сот оның бұған дейін танысы «К»-ның ұялы телефонын ұрлап әкеткенін және мессенджер арқылы ортақ таныстары арасында оның жеке өмірі туралы жеке және отбасылық құпияны құрайтын мәліметтерді әдейі таратқанын анықтады.
Үкім заңды күшіне енді.
Адамның жеке немесе отбасылық құпиясын құрайтын жеке өмірі туралы мәліметтерді оның келісімінсіз таратқаны не өзге де дербес деректерді заңсыз тарату нәтижесінде адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіргені үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 147-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылықтың көзделгені түсіндіріледі.
Осы баптың санкциясы алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі баламасыз жазаны көздейді.
Бұл ретте, бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда көпшілік алдында сөйлеген сөзінде осындай мәліметтерді таратқаны үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабына сәйкес әрбір азаматқа жеке өмірге, жеке және отбасылық құпияға қол сұғылмаушылық құқығы кепілдендірілгенін еске саламыз.
Прокуратура органдары бұл құқықты іске асыруды ерекше бақылауда ұстайды.