arasha.kz

Тараздағы оқиға: мектеп директоры қызметінен босатылды

Тараз қаласындағы мектептердің бірінде болған балаға зорлық көрсету оқиғасына қатысты білім және ғылым министрлігі мәлімдеме жасап, хабар таратты.

«Қазіргі таңда аталған факт бойынша құқық қорғау органдары тергеу іс-шараларын жүргізуде.
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету білім беру ұйымының тікелей міндеті болып табылады.
Мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, физика пәні мұғалімі және вахтер білім беру саласындағы жергілікті уәкілетті органның шешімі бойынша қызметтерінен босатылды.
Жамбыл облысының білім басқармасы зардап шеккен оқушыға психологиялық көмек көрсету үшін қажетті шаралар қабылдап, үйде жеке оқытуын ұйымдастыруда.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау шеңберінде Бас прокуратура мемлекеттік органдармен бірлесіп қолданыстағы заңнамаға әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату бөлігінде өзгерістер әзірлеп, енгізгенін хабарлаймыз», – дейді министрліктің арнайы өкілі Е.Мұхаметжан.

Exit mobile version